Қожа мен Жібектің өшпес дауысы — Фарида Шәріпова
Қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым – Қожа», «Қыз Жібек», «Тақиялы періште» фильмдері – ұлт мәдениетінің мәңгілік мұрасы. Бұл туындыларды көрмеген қазақ кемде-кем. Алайда көпшілік осы фильмдердегі Қожа мен Жібек бейнелеріне жан бітірген қазақша дубляж дауысының иесі кім екенін біле бермейді. Қожа мен Жібектің қазақ тіліндегі нәзік те әсерлі дауысын сомдаған — Фарида Шәріпова.
Фарида Шәріпова кім?
Фарида Шәріпова — қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақ КСР-інің және КСРО-ның халық әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ол 1936 жылы 16 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. Өнер жолын Қытайда бастап, «Хасен–Жәмила» көркем фильмінде басты рөлді сомдап, көрерменге...