World News in Kazakh

Қазақстанда -35 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет 22, 23, 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қайтадан аяз күшейеді. Кейбір аудандарда қар жауып, түнгі уақытта ауа температурасы 30-35 градус аязға дейін төмендейді.

Ал республиканың оңтүстігіне циклон ықпал етеді, соның әсерінен қар жауады. 22-23 қаңтарда қатты қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте