Жаңаөзенде ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды
19 қаңтарда Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, ұсталғандар таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталған.
"Олар өз қызметі үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту барысында күдіктілерден 500-ден аса сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, байланыс құралдары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!