World News in Kazakh

“Ешкім ешкімді ұрған жоқ“: Сәпиев пен оның орынбасарының кикілжіңі туралы не айтылып жатыр?

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Оқиға туралы білетін және қатысы бар адамдар не дейді? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.
Сәпиев пен Есімханов арасындағы кикілжіңнен кейін Қарағанды облысының Полиция департаментіне соққы дерегі бойынша арыз түскен. Оқиға видеоға түсіп қалған және кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің басшысы Аян Төлеген өзінің жеке Telegram-арнасында бұл жай ғана спортшылар арасындағы жанжал емес екенін айтты.

"Желіде Есімхановтың басшының рұқсатынсыз құжаттарға қол қойғаны жазылып жатыр. Сондай-ақ 2025 жылы онымен мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаларын сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгені айтылды... Қоғам бұл төбелеске қатысты қалыптасқан жағдайды дұрыс түсінуі керек. Мұнда балуан мен боксшы кім мықты екенін анықтаған жоқ. Бұл билікке тікелей іріткі салу және Олимпиада чемпионының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жасалған қастандық", - деп мәлімдеді Аян Төлеген.

Оқиғаға қатысты ММА, джиу-джитсу және каратэден әлем чемпионы, аралас жекпе-жек бойынша сарапшы Айдар Махметов те пікір білдірді.

"Мен қазір ғана Серік Сәпиевпен сөйлестім. Оның орынбасары Есімхановпен болған қақтығыс тек жұмыс мәселелері бойынша, қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартуға байланысты туындаған. Ерекше атап өткім келеді: қандай да бір физикалық қақтығыс туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. БАҚ өкілдерінен мұндай қауесеттерді таратпауын сұраймын", - делінген Махметовтің мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай толық реттелген, тараптар өзара түсіністікке келген және кикілжің шешілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте