Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылған болатын.
Айбек Смадияров 2025 жылы желтоқсанда Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!