World News in Kazakh

Шымкенттегі түнгі клубтан “смешариктер“ қоймасы табылды

Шымкентте түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін қоспа жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қоспамен толтырылған.

"Тиісті сараптама тағайындалды. ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертеді. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған", - делінген хабарламада.

Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте