World News in Kazakh

“Кевиннің анасы“: аңызға айналған голливуд актрисасы көз жұмды

"Үйде жалғыз қалғанда" ("Один дома") фильміндегі басты кейіпкердің анасын сомдаған канада-америкалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz тілшісі TMZ порталына сілтеме жасап.

"Аңызға айналған голливуд актрисасы жұма күні көз жұмды... Өлімнің нақты себебі әзірге белгісіз", - делінген жазбада.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Entertainment Tonight (@entertainmenttonight)


О’Хара мансабын 1970-жылдары бастап, телешоуларда да, кинода да түскен. Көпшілікке ол ең алдымен "Один дома" комедиясындағы басты кейіпкер Кевиннің анасы Кейт рөлі арқылы кеңінен танылды. Сонымен қатар, О’Хара дубляж актері ретінде де танылған: өзге де жобалардың қатарында ол "Ночь перед Рождеством", "Цыпленок Цыпа", "Лесная братва", "Дом-монстр" және "Братец медвежонок" мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді дыбыстаған.
Актриса "Золотой глобус" (2021), "Эмми" (1982, 2020) және АҚШ Киноактерлер гильдиясының сыйлығы (2021, екі мәрте) сияқты марапаттарға ие болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте