World News in Kazakh

Australian Open чемпионы Рыбакина қанша сыйақы алды?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, 2026 жылғы Australian Open жекелей сындағы чемпионға берілетін жүлде - 4 млн 150 мың аустралия доллары, яғни салық ұсталғанға дейін 1 млрд 472 млн теңге.

Ал финалға дейін жетіп, бірақ жеңіске жете алмаған ойыншы бұдан екі есе аз алады: 2 млн 150 мың аустралия доллары, немесе 763 млн теңге.

Еске салайық, 2025 жылғы қарашада өткен WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткені үшін Елена Рыбакина 5 млн 235 мың доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте