World News in Kazakh

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда 3 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Казахстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллар бағамы 503,44 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,73 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 ақпанға белгіленген ресми бағамы - 505,17 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей:Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:

сатып алу – 503,39 теңге;сату – 505,47 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:

сатып алу – орташа есеппен 501 теңге;сату – 508 теңге.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте