World News in Kazakh

Қарағандыда құтқарушылар бесінші қабаттың терезесіне шығып отырған баланы аман алып қалды - видео

Қарағандыда Мұқанов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінен көрші ашық терезенің алдына отырып алған баланы байқап қалады. Ер адам 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі сәрсенбі, 4 ақпанда мәлімдеді.

"Жедел жеткен құтқарушылар баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын көріп, бірден құтқару жұмыстарына кірісті. ТЖМ қызметкерлері екі топқа бөлінді: бір топ терезеге автосаты орнатса, екінші топ подъезд арқылы пәтерге беттеді", - делінген хабарламада.


Осы сәтте баланың анасы үйіне келіп, есікті кілтпен ашқан. Құтқарушы пәтерге кіріп, 2018 жылы туған қыз баланы терезе алдынан түсіріп алып, анасына тапсырды.

"Бала зардап шеккен жоқ. Құтқарушылардың дер кезінде әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды", - деп атап өтті ведомство.

ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отыруға шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте