World News in Kazakh

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: WBO шешім қабылдады

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) боксшылардың рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы орнын сақтап қалды.

WBO 2026 жылғы қаңтарға арналған жаңартылған рейтингті жариялады. Тізімге сәйкес, орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері, қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз орнын бермей, көшбасшылардың бірінші қатарында тұр.

Скриншот: wboboxing.com

Ал халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингтерді әлі жаңартқан жоқ. Кейінгісі 2025 жылғы желтоқсанда шыққан.

Дегенмен олардың қазіргі дерегінше, Әлімханұлы әлем чемпионы болып қала береді.

Скриншот: ibf-usba-boxing.com

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы

Желтоқсанда WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасын тапсырғаннан кейін дауға қалды.

Оның қанынан 2016 жылдан бері антидопинг агенттігі тыйым салған мельдоний препараты анықталған. Осыған байланысты үшінші титул үшін өтетін кездесу кейінге шегерілді.

Жәнібек Әлімханұлының командасы, сондай-ақ, Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы VADA ұйымынан қазақстандық спортшының екінші сынамасын ашып, қайта тексеруді сұратқан. Талдау нәтижесі Әлімханұлының қанында тыйым салынған заттың барын растады.Қазақстандық боксшының командасы оған тағылған айыппен келіспейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте