World News in Kazakh

7 ақпанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер сенбі, 7 ақпанда Қазақстан қалаларындағы ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстікте ауа райы көшпелі бұлтты болады, жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Орталықта қар жауып, боран соғады, кей жерде бұрқасын байқалады.

Батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тұман түсіп, жел екпіні күшеюі мүмкін. Шығыста - қар, боран және көктайғақ.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана - құбылмалы бұлтты, түнде қар, боран. Жолда көктайғақ. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Алматы - құбылмалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Шымкент - құбылмалы бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Түркістан - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Қонаев - құбылмалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Талдықорған - бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аяз.

Қызылорда - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта көктайғақ, тұман. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.

Тараз - құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Ақтау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді. Температура түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

Орал - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ, тұман. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 9-11 градус аяз.

Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 23-25 градус аяз, күндіз 14-16 градус аяз.

Қарағанды - құбылмалы бұлтты, түнде қар, боран, күндіз аздап қар, бұрқасын. Жолда көктайғақ. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.

Жезқазған - құбылмалы бұлтты, түнде аздап қар. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

Қостанай - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 24-26 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Көкшетау - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 20-22 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Петропавл - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 21-23 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Павлодар - бұлтты, түнде қар, боран, көктайғақ, күндіз аздап қар, бұрқасын. Ауа температурасы түнде және күндіз 13-15 градус аяз.

Семей - бұлтты, түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аяз.

Өскемен - бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте