World News in Kazakh

ІІМ 14 ақпан қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезінде интернет-алаяқтық қаупі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне мінсіз сыйлық іздейді. Мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезеңінде интернет-алаяқтар ерекше белсенді болады", - деді ведомствода.

Мерекеде ақша жоғалтпау үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану маңызды.ІІМ ескерту жасады:

тауарды тек тексерілген сайттардан және ресми маркетплейстерден сатып алыңыз;хабарламалар мен пікірлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;тым төмен бағадан сақ болыңыз: ұсыныс шектен тыс тиімді көрінсе, мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін;тауардың бар-жоғын растап алыңыз: мысалы, дүкеннің мекенжайын және тауарды көрсетіп, бейнеқоңырау арқылы тексеруге болады. Алаяқтар әдетте мұндай өтініштен жалтарып, оның орнына геолокация жіберуі мүмкін, бұл айла болуы ықтимал;төлем кезінде мұқият болыңыз. Ақшаны жеке шоттарға және күмәнді реквизиттерге аудармаңыз;жеке деректеріңізді қорғаңыз. Ешқашан бөгде адамдарға құпиясөздерді, SMS-кодтарды және банк картасының деректерін айтпаңыз.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте