World News in Kazakh

Алматының орталығында мейрамхананың жазғы алаңы сүрілді

Алматының орталығындағы мейрамхананың жазғы алаңы сот шешімімен сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Қажымұқан көшесінде рұқсат құжаттарынсыз салынған нысан анықталған. Заңбұзушылық жоспардан тыс тексеріс барысында белгілі болды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сотқа жолданған.

2025 жылғы 12 тамызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңсыз салынған жазғы алаңды сүріп тастау туралы талап-арызды қанағаттандырды. Нысанды бұзу жұмыстарын мейрамхана иесі жүргізгені айтылды.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте