World News in Kazakh

Үкіметте төртінші МӨЗ қашан іске қосылатыны айтылды

Үкімет мұнай өңдеу қуатын 18,4 тоннадан жылына 40 миллион тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Қазір жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ді жаңғырту барысы және қуаты 10 миллион тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеунік қазір жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жоспарлы түрде кеңейту 2030 жылға қарай дизель отыны тапшылығын жоюға мүмкіндік беретінін, ал 2033 жылы төртінші зауытты іске қосу авиакеросинге деген қажеттілікті толық өтейтінін, К5 стандартындағы жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2026-2033 жылдары елімізде қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ-дің техникалық-экономикалық негіздерін әзірлеу, жобалау, салу және іске қосу жұмыстарын жүзеге асырып, қайта өңдеу қуатын жылына 40 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген. Бұл жобалар мұнай өнімдері тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. 2033 жылы төртінші зауыт есебінен авиакеросин тапшылығы жойылып, көрші елдерге ЖЖМ экспорты басталады. Жұмыс істеп тұрған зауыттарда қайта өңдеу үлесі 94%-ға дейін өседі, ал отын сапасы К5 стандартына дейін артады", - деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте