World News in Kazakh

Доллар бағамы көтерілді

Қазақстанда 20 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 494,66 теңге болды. Бұл көрсеткіш 4,89 теңгеге өскен. Ұлттық банктің 20 ақпанға арналған ресми бағамы - 1 доллар үшін 489,17 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы төмендегідей:Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:

сатып алу – 494,41 теңге;сату – 496,37 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:

сатып алу – орташа есеппен 493,00 теңге;сату – 500,00 теңге.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте