World News in Kazakh

Тоқаев Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагерін құттықтады

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен тақ мұрагері, премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады.

Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыстар, ал сауд халқына баянды өркендеу, құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте