Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-концертінде Джеки Чанды тәнті етті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олимпиаданың басты сенсацияларының біріне айналған спортшы алаңға "Куң-фу Панда" мультфильмінің кейіпкері стиліндегі жарқын киім киіп шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)
Қазақстандық спортшының өнерін трибунадан аты аңызға айналған актер Джеки Чан тамашалады. Костюмнің көлемділігіне қарамастан, Шайдоров нөмірін таза орындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)
Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерге қарағанда, Олимпиада чемпионының әсерлі өнері Джеки Чанға қатты ұнаған. Көрсетілімнен кейін Голливуд жұлдызы мәнерлеп сырғанаушының қасына барып, екеуі жылы амандасып, құшақтасып, бірнеше фото мен видео түсірген.

Еске салайық, бұған дейін Миланда қазақстандық спортшы танымал америкалық рэпер Снуп Доггпен кездескен. Кездесудің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Шайдоров Италиядағы қысқы Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс Қазақстан үшін қысқы Олимпиада тарихындағы екінші алтын, әрі мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш алтын болды. Бұған дейін Қазақстан қысқы Олимпиадада алғашқы алтынды 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов алған.
Ал Олимпиададағы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның осыған дейінгі ең үздік нәтижесі 2014 жылы Денис Тен еншілеген қола медаль еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!