World News in Kazakh

Челах пен Төлешовке үкім шығарған судья неге қызметінен босатылғаны белгілі болды

Судья Ербол Ахметжанов неге Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі мәліметінше, кадрлық шешім Ербол Ахметжановтың Жамбыл облыстық сотының төрағасы лауазымындағы өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты.

"Осы мерзім аяқталғаннан кейін ол жаңа төраға тағайындалғанға дейін сот төрағасы қызметін жалғастырды", - деп жазылған жауапта.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысының атына Жамбыл облыстық сотының жаңа төрағасын тағайындау туралы ұсыныс берілген. Ербол Ахметжанов Президенттің тиісті жарлығынан кейін бұл қызметтен кетеді. Бұл ретте ол Жамбыл облыстық сотында судья ретінде жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы Ербол Ахметжанов қызметінен босатылғаны белгілі болды. Ол Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челах пен Шымкенттің "сыра патшасы" Тоқтар Төлешовке үкім шығарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте