Маңғыстау облысының бас полицейі мен дәрігер ұшақта жағдайы нашарлаған шетелдікті аман алып қалды
Ақтаулық дәрігер мен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы ұшақта шетелдік азаматты аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы ПД мәліметінше, 23 ақпанда Астанадан Ақтауға бағыт алған әуе рейсінде 45 жастағы шетелдік жолаушының қан қысымы күрт көтеріліп, жағдайы нашарлаған.
Оқиға ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін шамамен бір сағат өткен соң болған. Маңғыстау облыстық ПД бастығы, генерал-майор Сағындық Аяғанов өзін жайсыз сезінген Тәжікстан азаматы дәлізде құлап бара жатқанын байқап, дереу әрекет еткен. Ол жолаушыны ұстап қалып, бортсеріктерді көмекке шақырған.
"Сол рейспен еңбек демалысымнан Ақтауға ұшып келе жатқан едім. Ер адамның үстіме қарай құлап келе жатқанын байқап, ұстап қалдым. Бортсеріктерді шақырып, жолаушылар арасынан дәрігер іздей бастадық. Бағымызға орай, дәрігер табыла кетті. Өзіммен бірге үнемі аспирин алып жүретін едім, азаматқа сол дәріні ұсындым. Ұшақ жерге қонғанша азаматтың жағдайын бақылап отырдық", - дейді генерал-майор Сағындық Аяғанов.
Жолаушыға "Ана мен бала" орталығының акушер-гинекологы Тұрсын Чуйшбаева медициналық көмек көрсеткен.
"Ұшақта ер адамның қан қысымы 220/110-ға дейін көтерілгенін анықтадық. Дәрі беріп, оттегі қосып, жағдайын тұрақтандырдық. Ақтауға қонғанға дейін қан қысымын 135/85-ке дейін түсірдік. Жолаушы басының самай тұсы "қайнаған су құйғандай" ауырғанын айтты. Жолаушылар арасынан каптоприл мен аспирин табылды. Белгілі болғандай, ол бір ай бұрын өз елінде осындай жағдаймен ауруханаға түскен, алайда дәрігер кеңесін толық орындамаған. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін созылмалы ауруы бар азаматтар сапарға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені абзал", - дейді дәрігер.
Ұшақ Ақтауға қонған соң жедел жәрдем қызметі науқасты ауруханаға жеткізген. Қазір оның жағдайы тұрақты. Тәжікстан азаматы Амон Амонов өзіне дер кезінде көмек көрсеткен жандарға алғыс білдірді.
"Ұшақ ұшқаннан кейін жағдайым нашарлай бастады. Бір сағаттан соң бетімді жуу үшін дәретханаға беттедім. Алайда дәретханаға жетпей, жүрегім әлсіреп, сол жақ денем жансызданғандай болды. Көзім қарауытып, тыныс алу қиындады. Сол сәтте алдыңғы қатарға қарай құлаппын. Маған көмектескен адамның Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы екенін кейін білдім. Ұшақ бортында көмек көрсеткен баршаға шексіз ризамын", - дейді жолаушы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!