World News in Kazakh

Таяу Шығыстағы жағдай: Тоқаев Иордания короліне хат жолдады

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте