World News in Kazakh

Қолайсыз ауа райы: Қазақстанның оңтүстігінде толассыз жаңбыр жауады

Казгидромет синоптиктері 3, 4 және 5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклоны әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.

"4 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады", - деді синоптиктер.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақытта тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте