World News in Kazakh

Астанада тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер екі рет сатылған: қандай схема болған?

Астана прокуратурасы Qyran тұрғын үй кешенінде пәтерлерді екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соталды тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалар құрылыс компаниясының қызметкерлері бола отырып, Qyran тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы азаматтарды алдағаны анықталды. Қызметкерлер "International Invest Company IIC" ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсеткен.

"Азаматтарға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынылған. Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген. Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған", - делінген хабарламада.

Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 миллиард теңгеден асты. Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 миллиард теңге болатын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынған.

"Үш күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне "кепіл" қолданылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте