World News in Kazakh

Астанада ет өнімдерін арнайы құжатсыз, заңсыз сатқандар әшкере болды

Астанада полиция заңсыз ет өнімдері айналымын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы шаруашылық құрылыстарда заңсыз жасырын цех анықталды. Онда ешқандай рұқсат құжаттарынсыз және міндетті ветеринариялық бақылаудан өтпеген ет өнімдерін өңдеу, сақтау және сату жұмыстары жүргізілген.

"Тексеру барысында ет өңдеуге арналған жабдықтар, сондай-ақ ветеринариялық құжаттары жоқ ірі және ұсақ мүйізді малдың 60 басы, малдың тұтас еті, тұяқтары және басқа да ет қалдықтары табылды. Аталған деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қатысы бар тұлғалар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

"Полиция азаматтарға ет өнімдерін сатып алу кезінде оның заңды шығу тегін растайтын ілеспе құжаттарға, ветеринариялық анықтамалар мен таңбалауға міндетті түрде назар аударуды ескертеді. Рұқсат құжаттарынсыз өнімді өткізу заң бойынша жауапкершілікке әкеледі".


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте