World News in Kazakh

Таразда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 9 наурызда №11 қалалық автобус салонында кешкі уақытта болған. Желіде жанжалдың видеосы пайда болды.
Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы маршруттың уақыты аяқталғанына қарамастан жүргізушіден жүруді талап еткен. Салдарынан жанжал шығып, төбелес кезінде жүргізуші пышақ жарақатын алған.

"Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

Зардап шеккен жүргізуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте