Жауын-шашын, жел және көктайғақ: 10 наурызда ауа райы қандай болады?
10 наурызда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер болжамы бойынша, 10 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде қалың қар, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады. Солтүстік аймақтарда боран соғуы мүмкін.
Астанада – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда қар жауып, боран мен тұман болады. Желдің екпіні секундына 15–23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 8–10°, күндіз 6–8° аяз.
Алматыда – бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, күндіз кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Ауа температурасы 3–5° жылы, бірақ күндіз салқындауы мүмкін.
Шымкентте – бұлтты, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Температура түнде 0–2°, күндіз 2–4° жылы.
Елдің көптеген өңірінде желдің күшеюі, боран, көктайғақ және тұман байқалуы мүмкін, сондықтан синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!