World News in Kazakh

Өзбекстанда қыз жасауына 800 кітап қосып берілді

Қашқадария облысының Көкдала ауданына Әндіжан облысынан келіп болып түскен Насибахан Ибрагимованың қыз жасауы әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды. Оның қыз жасауына 800 кітап қосып берілді. 

Күйеуі Миржалол Махмарайимов болашақ әйелімен бірге бірнеше жыл бойы кітап жинап келгенін, ал үйлену тойынан кейін жас жұбайлардың бірлескен кітапханасындағы кітаптар саны 1,5 мыңға жеткенін мәлімдеген.

– Біз 3 жыл кездесіп, бірге кітап оқыдық, бірге кітап жинадық. Сондай-ақ кітаптарды онлайн сата бастадық. Жеке кітапханамыз болуын армандадық. 2025 жылдың тамыз айында үйлендік. Үйлену тойына дейін ол өзімен бірге жинаған кітаптарын менің үйіме әкелді. Содан кейін біз сөре жасап, жеке кітапхана салдық, — дейді Миржалол.

Отбасының жеке кітапханасы Көкдала ауданының Шорқұдық ауданындағы Миржалолдың үйінде орналасқан. Қалыңдық пен күйеу жігіт қазіргі уақытта Ташкентте жалдамалы пәтерде тұрады — Миржалол сол жерде, ол Чорсу базарындағы кітап дүкендерінің бірінде жұмыс істейді.

– Біздің кітапханамыздың суреті кездейсоқ интернетте тарады. Бұл Зүлфия атындағы мемлекеттік сыйлыққа(жас талантарға берілетін сыйлық – ред.) өтініш берген кезде тіркелген сурет еді, оны блогер таратты, — дейді ол.

Насибахан биыл Зүлфия атындағы сыйлықты ала алмады, бірақ отбасы келесі жылы тағы да бақ сынағысы келді.

Еске сала кетейік, Ресейде Өзбекстан азаматынан 10 келі шаш тәркіленді.

Сообщение Өзбекстанда қыз жасауына 800 кітап қосып берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте