World News in Kazakh

Таразда жеті оқушы қыз қатарласын аяусыз соққыға жыққан

Таразда полиция тоғызыншы сынып оқушысының соққыға жығылу дерегін тергеп жатыр. Күдіктілер есепке қойылған. Зардап шеккен қыздың туыстары шабуыл жасағандардың бостандықта жүргеніне наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Әлеуметтік желілерде бір әйелдің қызы қатыгездікпен соққыға жығылғанын айтқан видеосы жарияланды.

"Жеті қыз оны кастетпен ұрып-соққан. Зардап шеккен қыз екі күн жансақтау бөлімінде жатты, жүре алмай, мүгедектер арбасымен тасыған. Видео дәлелдер болғанына қарамастан, күдіктілер бостандықта жүр. Жәбірленушінің жақындарының айтуынша, күдіктілердің туыстары тарапынан оларға да қоқан-лоқы жасалып жатыр", - делінген видеоға жазылған сипаттамада.

Полиция жауабы
Жамбыл облысы Полиция департаментінде бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, полицияға жеткізілген.

"Оқушы қыздардың ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды", - деп хабарлады ведомство.

Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын қосты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте