World News in Kazakh

Атыраудағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы ауыр жарақат алды

13 наурызда Атыраудағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел түрде жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлері келді. Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сынып оқушысы жәбірленушіге үшкір зат сұғып алған.
Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Барлық процестік әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.Қазір полиция қызметкерлері қажет тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 ???? (@atyrauoil.official)


Жасөспірімнің ата-анасы да баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте