World News in Kazakh

Қырғызстан ҰҚМК-ның экс-басшысы Қамшыбек Тәшиевтің туған інісінен жауап алынып жатыр

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі парламент депутаты әрі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің туған інісі Шайырбек Тәшиевті жауап алуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап.
Дереккөздердің мәліметінше, бұрынғы ҰҚМК басшысының інісі қазір ведомствоның бас тергеу басқармасында жауап беріп отыр.

"Ішкі істер министрлігі әзірге депутатқа қатысты жүргізіліп жатқан шаралар туралы пікір бермеді. Сондай-ақ, оның қай қылмыстық іс бойынша және қандай мәртебеде - куәгер ме, әлде күдікті ме - өтіп жатқаны нақтыланбады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дереккөздер Шайырбек Ташиев бүгін депутаттық мандатынан бас тартуы мүмкін екенін хабарлайды. Бүгін Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, осы мәселе қаралуы ықтимал.
Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа республика президенті Садыр Жапаров қол қойған.
Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында да, жікке бөлінудің алдын алу" екенін айтқан.
Алайда кейінірек президенттің баспасөз хатшысы шиеленісті Тәшиев емес, оның жақын айналасындағы адамдар туғызғанын хабарлады. Олар депутаттарға қоңырау шалып, "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастамалауға" үгіттеген.
Қамшыбек Тәшиев қызметінен тосыннан босатылуына пікір білдірген еді.
Кейін Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кеткені белгілі болды. Бұл туралы "Өңір" телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте