World News in Kazakh

Көкшетау тұрғыны 27 жыл бұрын жоғалған әкесін іздеп жүр

Көкшетауда бір әйел ұзақ жыл бұрын көз жазып қалған әкесін табуға көмектесуді сұрап, журналистерге жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, ол ұзақ уақыт Петропавл қаласында тұрған. Алайда жақында туған әкесі туралы қандай да бір мәлімет табамын деген үмітпен Көкшетауға қайта оралған.

Жанна Мустафинаның айтуынша, оның әкесінің аты-жөні - Сергей Викторович Попов, 1964 жылы туған. Әйелдің сөзінше, олар соңғы рет 27 жыл бұрын Көкшетау қаласында кездескен. Сол уақыттан бері әкесімен байланыс үзілген.

Жанна қала тұрғындарының бірі оның әкесін аты-жөні арқылы танып қалуы немесе оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білуі мүмкін деп үміттенеді.

Сергей Викторович Попов туралы қандай да бір мәлімет білетін азаматтардан мына телефон нөміріне хабарласу сұралады: 8 776 176 62 76.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте