World News in Kazakh

Қазақстанның оңтүстігінде әскери бөлімнің қарауыл басшысы оқ жарақатынан қаза тапты

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығы оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, әскери бөлімнің қарауыл бастығын қарамағындағы қызметкер атып алған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
ІІМ Әскери-тергеу департаменті әскериленген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқанын растады.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталады", – деп хабарлады ІІМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте