Журналистика ақпарат тарату ғанама?Әлде қоғамға әсер ететін күшпен?
Қазіргі заманда ақпарат адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Біз күн сайын жаңалық оқимыз, әлеуметтік желілер арқылы түрлі мәлімет аламыз. Осындай ақпарат ағынының ортасында журналистиканың рөлі ерекше. Көпшілік журналистиканы тек жаңалық жеткізуші ретінде қабылдайды. Бірақ шын мәнінде журналистика қоғамға әсер ететін үлкен күш.
Журналистиканың басты міндеті халыққа шынайы әрі нақты ақпарат жеткізу. Ақпараттың дұрыстығы қоғамның дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Еrep ақпарат бұрмаланса немесе бір жақты көрсетілсе, қоғамда жалған пікір қалыптасуы мүмкін. Сондықтан журналист тек хабар таратушы емес, ол қоғам мен шындықтың арасындағы көпір.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің дамуы журналистикаға жаңа талаптар қойды. Ақпарат өте жылдам тарайды, бірақ оның бәрі...