World News in Kazakh

Қазақстандық блогер “Ильярчикке“ мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық танымал блогер "Ильярчикке" (andersonchik1) ел аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Ювашев Ильяр Салаватович (1998 жылғы 23 маусымда туған) 2024–2025 жылдары mellstroy.game ресурсын қоса алғанда, интернет-казино желісін құруға және басқаруға ат салысқан.

"Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен", – делінген ҚМА хабарламасында.

Егер іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне келесі телефондар арқылы хабарлауды сұрайды: +7 7172 70 84 79 (ішкі 21384) – кезекші бөлім; Call-center: 1458. Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялылық сақталады.
Ведомство Астана қалалық ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы Бурим Андрейге қатысты тергеуді жалғастырып жатқанын еске салды. Ол Mellstroy атымен танымал блогер.
Интернет-казиноны жарнамалау мақсатында блогер түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game бренді, казино логотиптері және сайтқа сілтемелері бар видеолар түсіру ұсынылған.
Буримге халықаралық іздеу жарияланған.
Агенттік мәліметінше, интернет-казино қызметі айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық зиян келтірген: азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту, лудоманияның өсуі, табыстың жоғалуы және капиталдың офшорлық аймақтарға кетуі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте