World News in Kazakh

Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына түсіп, аударылып қалды

Ақтөбеде жол апатынан кейін жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Көлік ішінде 34 жастағы жүкті әйел болған. Tengrinews.kz науқастың жағдайы мен оқиғаның мән-жайын білді.
Не болған?
Жол апаты Сәңкібай батыр даңғылында болған.

"Жедел медициналық көмек көлігі мен Toyota автокөлігі жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем көлігі қырына аударылып қалды. Көлік ішінде болған науқас медициналық мекемеге жатқызылды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.

Фото: өңірлік ПД баспасөз қызметі
Зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы не белгілі?Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем көлігінде жүктіліктің 37-аптасындағы 34 жастағы әйел болғанын хабарлады. Ол босану бөліміне шұғыл жеткізілген - әйелдің толғағы басталған.
Дәрігерлер әйелдің дені сау қыз босанғанын нақтылады.

"Бейінді мамандардың қарауынан кейін оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Науқас босану залына жіберіліп, аман-есен босанды. Ана мен баланың жағдайы бақылауда, беті бері қарады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметінше, жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері де тексеруден өткен, олардың жағдайы тұрақты.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және сиренасы мен ескерту жарықтары қослған жедел жәрдем көліктеріне жол беруге шақырды.

Читайте на сайте