World News in Kazakh

Ерлігімен ел жадында қалған ардагер

   Ахметкәрім Ахмадиев – Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбіт заманда да ел игілігі үшін еңбек еткен ардақты тұлғалардың бірі. Оның майдандағы ерлігі мен ел ішіндегі қызметі кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық тағылымға толы.

 Ахметкәрім Ахмадиев 1925 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы Самар ауданына қарасты Саршоқы ауылында дүниеге келген. Балалық шағы ел басына түскен ауыр кезеңдермен тұспа-тұс келді. Сол себепті ол ерте есейіп, жастайынан еңбекке араласты. 1939 жылы жеті жылдық мектепті аяқтағаннан кейін колхозда жұмыс істеп, еңбек жолын бастайды.  1943 жылғы 2 ақпанда Ахметкәрім Ахмадиев әскер қатарына шақырылып, Забайкалье майданына жіберіледі. Ол соғыс жылдарында әскери борышын абыроймен атқарып, Жапонияға қарсы майдан...

Читайте на сайте