World News in Kazakh

Шавкат Рахмоновтың жұбайы үкімнен кейін үн қатты

Гүлайым Рахмонова Instagram парақшасында үндеу жариялап, танымал UFC файтері Шавкат Рахмоновпен ажырасуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengri Life.

Бұған дейін Рахмонова ажырасатынын хабарлаған болатын, бұл жолы ол отбасындағы қарым-қатынас пен бірнеше жылға созылған жанжал тақырыбын қозғады. Ол басынан өткерген оқиғаларды баяндап, бұрынғы күйеуінің жақындарын қысым көрсетті және балағаттады деп айыптады.

Сонымен қатар, Гүлайым бұрынғы жұбайының табысы туралы айтып өтті. Оның сөзінше, спортшының ақшасынан дәметіп жүрген айналасындағы адамдар балалардың мүддесін ескеруі тиіс.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысының соты Рахмонованы адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыру және 7 жыл көлік басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Оның қарауында төрт кішкентай баласы барын ескере отырып, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейінгі жағдай

2025 жылы 27 шілдеде республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған еді.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді. Көлікте Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы болған.

Читайте на сайте