«Кемел адам» сипаты немесе келмелдену теориясы
«Кемел адам» сипаты немесе келмелдену теориясы
Адам баласының ең биік мұраты - кемелдікке ұмтылу. Бұл ұғым қазақ дүниетанымында құр қиял емес, өмірдің өзегіне айналған шындық. Кемел адам - тек білімді, не бай, не атақты жан емес. Ол - жүрегі мен ақылы тең түскен, өз нәпсісін жеңіп, қоғамына пайдасын тигізе білген тұлға. Осы жолда бізге темірқазық болар есімдер бар.
Бұл ілімнің тамырын тереңге жіберсек, Әбу Насыр әл -Фараби еңбектеріне тірелеміз. Философ адам бақытын ең жоғары мақсат деп танып, оған жетудің жолын ақыл мен ізгілік бірлігінен іздейді. Фараби «қайырымды қала» туралы ілімінде кемел адамды тек жеке жетілген тұлға емес, қоғамның тірегі...