World News in Kazakh

Дінмұхамед Қонаев- ұлы тұлға.

Қазақстан тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Оның ел дамуына қосқан үлесі зор. Мен жақында Д. Қонаев музейіне барып, қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы көптеген қызықты мәліметтермен таныстым.

Музейге кірген сәттен бастап ерекше әсер алдым. Ғимараттың іші тыныш әрі тарихи атмосфераға толы екен. Алғашқы залда Қонаевтың балалық шағы мен білім алған жылдары туралы деректер қойылыпты. Мұнда оның мектеп кезіндегі суреттері, құжаттары және отбасына қатысты материалдар көрсетілген. Бұл деректер арқылы оның қарапайым отбасынан шыққанын және еңбекқор болғанын түсіндім.

Келесі бөлімде Дінмұхамед Қонаевтың мемлекеттік қызметтегі кезеңі туралы экспозициялар орналастырылған. Онда оның жұмыс үстелі, пайдаланған...

Читайте на сайте