БЖЗҚ мамандары азаматтарға қоңырау соқпайды: алаяқтықтан қорғану әдістері

Соңғы кездерде БЖЗҚ салымшыларына қатысты алаяқтық әрекет жағдайлары орын алуда. Ол үшін әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда. Соның бірі — салымшылар мен алушыларға Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін оның бөлімшесіне бару қажеттігі және SMS арқылы хабарландыру тәсілімен кезекті электрондық брондауға мүмкіндігі бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады.

Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін келесіні білгеніңіз маңызды:

БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ, бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз.

Өзіңізді қорғау әдістері:

  •  Өз кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз.
  • Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз
  • Егер Сізді әлдекім БЖЗҚ атынан мазалайтын болса, тұтқаны қойып, тікелей Қормен
    хабарласыңыз!
  •  Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін
    делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз. Себебі, сонымен бірге Сіз жеке деректеріңізді
    құйтырқы әрекеттерге пайдаланатын бейтаныс адамдарға сеніп тапсырасыз.
  • Осы ақпаратты өз жақындарыңызға таратыңыз. Олар да хабардар болып, қорғана жүрсін!

Барлық сауалдарыңызға жауап алып, ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ
бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

  • enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,
  • байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көп арналы тегін
    байланыс арқылы, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,
  • БЖЗҚ-ның
  • Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х (Twitter) және Instagram сияқты танымал
    платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз.

Читайте на 123ru.net