2026 жылға дейін 40 елді мекенде орталықтандырылған су: жаңа жобалар
Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылдың соңына дейін 40 елді мекенде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және 60 ауылда суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Бұл және басқа да мақсаттарға республикалық бюджеттен 33 млрд теңгеге 41 жоба ұсынылды. Құны 4 млрд теңге болатын 23 жобаға қолдау көрсетілген. Аймақ тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев «AMANAT» партиясы жанындағы өңірлік даму кеңесінде баяндады.
— 2024 жылы сумен қамтамасыз ету және су тарту саласын дамытуға 22,7 млрд теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдар 10,9 млрд теңгеге 37 жобаны жүзеге асыруда. Су ресурстары комитетінің желісі бойынша 11,2 млрд теңгеге 9 топтық су құбырының құрылысы мен қайта жаңғырту жобалары іске асырылып жатыр. Жалпы бұл жұмыстар 15,7 мың адамнан тұратын 108 елді мекенді қамтиды, — деді Қанат Дүзелбаев.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында таза ауыз су 505 ауылда бар, онда шамамен 265 мың адам тұрады. Әлі де 13,5 мың адам суға қол жеткізе алмай отыр. Жалпы, өңір халқының таза ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі 97 процентті құрап отыр.