Новости по-русски

Соңғы қоңырау сылдыры

Бірінші сыныптар үшін алғашқы соңғы қоңырау үні естілгенімен, 11 сынып түлектері кеше мектептегі соңғы қоңырау үнін естіп, қоштасты. Енді алдағы белестерді бағындырып, ересек өмірге қадам басу қалды. ҰБТ тапсыру, мамандық таңдау - жаңа ересек өмірге бір табан жақындай түсті. Баласына дұрыс жол нұсқау, бағыт-бағдар беру ең бірінші ата-анаға жүктелсе, одан кейін ұстазға артылары анық. Сондықтан кешегі күн жүрек тебірентер, толғанысқа толы болды.
Түлектерді қала әкімі құттықтап, ізгі тілектер айтылды. Іс-шара соңғы қоңырау сылдырымен аяқталды.
Жалпы биыл республика бойынша орта мектепті 124 мың түлек тәмамдауда. Олардың ішінде 87770 маусым айының 2-15 аралығында өтетін ҰБТ-ға қатысады. .

Читайте на 123ru.net