Новости по-русски

Жас ақындар арасында мүшәйра өтеді

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастырып отыр. Жыр додасының мақасаты - жастар шығармашылығын шыңдау және белгілі ақын Ақтан Нұрбаевтың шығармашылығын оқырманға насихаттау. Байқауға ақындар екі өлеңмен қатыса алады. Бірінші өлең Шығыс Қазақстанның көркем табиғатына арналса, екінші өлең Ақтан Нұрбаевқа арналуы шарт. Өлеңдер 2019 жылдың 25 қазанына дейін pushkinlibrary@yandex.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Мүшәйра қараша айында өтетін "Шығыс Қазақстанның әдебиет апталығы" шарасында қорытындыланып, жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Читайте на 123ru.net