Новости по-русски

Зайсан ауданы соя мен жүгері өнімін ұлғайтуға ниетті

2016 жылдан бастап Зайсан ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері алғаш рет ерте пісетін соя тұқымын отырғызып, эксперимент ретінде өсіріп келеді. Шаруалар үш жылдан бері дақылды зерттеді, жіберген қателіктерді түзеуге тырысты, енді келер жылы мол өнім аламыз деп үміттеніп отыр осылайша, агроқұрылым тәжірибеден іске көшкен.

Соя бұршақтарын белсенді өсірумен қатар, шаруа қожалықтары жүгерімен де айналыса бастайды.

- Биыл ауданның егіс алқабы 21801 га құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артты. Оның 3679-сі майлы дақылдар, (күнбағыс 2727 га, сафлор 330 га, соя 622 га), - дейді Зайсан ауданының әкімі Серік Ақтанов.

Алайда бұл Зайсан ауданының нарықта сұранысқа ие болып, дақылдардың экспорттық бағытын арттыруы үшін жеткіліксіз. Облыстық әкімдіктің өкілдері келесі жылға ауылшаруашылық дақылдарының құрылымын өзгерту және өнімділікті арттыру туралы шешім қабылдады.

- "Агробизнес - 2020" мемлекеттік бағдарламасында жүгері мен соя дақылдарының өнімділігін арттыруға ерекше тоқталған. Майлы дақылдардың үлесін арттыру керек. Бұл бағытта ауданда жұмыстар басталып та кетті, - деді әкім.

Осылайша Кеңсай ауылдық округіндегі "Досқан Тур" ЖШС 500 гектар жерге жүгері егуді жоспарлап отыр, ал "Жоңғар" шаруа қожалығы 600 гектар жерге соя өсіреді. Қазір ауылдық округтердің әкімдері ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен облыста соя және жүгері дақылдарын дамыту тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аймақтың басқа да аудандарында бұл дақыл түрінің элиталық және суперэлиталық сұрыптары егіліп жатыр. Олар біздің қыңыр климатқа төзімді. Ауылшаруашылық мамандарының айтуынша, соя ерекше күтімді қажет етпейді. Тек жерді дайындап, танапты уақтылы тыңайтып тұрса болғаны. Сондай-ақ, бұл бұршақ тұқымдас дақыл небары екі-үш рет қана суаруды талап ететін көрінеді.

Айта кетейік, облыстағы соя мен жүгері өнімдеріне Қытай өкілдері қазірдің өзінде қызығушылық таныта бастады.

Жалпы Зайсан ауданындағы күзгі жиын-терін жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, бүгінгі күні барлық дәнді астықтың 91%-ы орылып, 11,2 мың тонна дән қамбаға құйылды. Сонымен қатар суармалы егістікті ұлғайту мақсатында 2017-2019 жылдары жалпы құны 2,1 млрд теңгеден асатын "Үйдене" су жүйесіндегі қондырғыларды реконструкциялау және Р-3 ЛМК каналдарын толық жөндеуден өткізу" жұмыстары атқарылуда, нәтижесінде 8,4 мың га жерді тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ.

Читайте на 123ru.net