Новости по-русски

ШҚО тұрғыны қора салам деп қолға түсті

Осының салдарынан орман қорына 70 мың теңгеден астам шығын келтірілген. 
- Тәртіп сақшылары оқиға орнын тексеру барысында ағаштарды кескен Бесқарағай ауданының тұрғынының ізіне түскен. Ол кінәсін мойындап, кесілген ағашпен қора салуды жос-парлап отырғандығын айтты, - дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот қарауына жіберілді. Осы ретте, облыстық Полиция департаменті тұрғындарға орман аумағынан ағаш жинау үшін "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан тиісті рұқсат алу керектігін еске салады.

Читайте на 123ru.net