Новости по-русски

Зайсан ауданында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр

Ауданда "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы шеңберінде 31 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 522 миллион теңге жұмсалмақ.
- Ауылдағы негізгі мәселе - жол мәселесі болатын. Кейде жауын жауғанда батпақ болып кетеді. Асфальт салынса, тіпті жақсы болады. Аудан орталығының жолдары да бүтінделіп қалды. Мұнда 8 көшеге асфальт жабынды төселді. Одан бөлек, бірнеше аулалар қоршалып, ойын және спорт алаңдары салынды. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы арқылы жалпы жарты миллиард теңгеге 31 жоба іске асырылып жатыр, - дейді Қаратал ауылының тұрғыны Әденбек Мазбаев.
Бір қуантарлығы, мердігер компания ауылдарды абаттандыру жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тартып, жұмыспен қамтуда. 
- Оның ішінде ауылдардағы ауыз су мәселелері, әлеуметтік нысандардағы ағымды жөндеу жұмыстары, көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бар. "Жұмыспен қамту жол картасының" басты мақсаты - жергілікті халықты жұмыспен қамту. Ол жерде 152 адам жұмыспен қамтылып, жағдай жасалады, - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемісов.

Читайте на 123ru.net