Бородулиха ауданы қысқа сақадай сай
Нәтижесінде аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің қазандықтары жөндеуден өтіп, жылыту маусымына сақадай сай екеніне көз жетті.
Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Бородулиха ауылындағы қазандықтарға толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Бородулиха ауылындағы қазандықтарға толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
- Осы жылы аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің қазандықтары жөндеуден өткізілді. Жылыту маусымына сапалы дайындалу және ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің, әсіресе, қысқы кезеңде тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық штаб отырысы өтті. Онда халық үшін көмір бағасын тұрақтандыру және өсуіне жол бермеу мәселелері, сондай-ақ, қазандықтардағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлады аудан әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.Аудан әкімдігінің мәліметінше ауданда 280 тонна көмір жиналған.
- Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Бородулиха ауылындағы қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, "Балдәурен" балабақшасына және екі төрт пәтерлі тұрғын үйге жылу беретін №4 жылыту қазандығын жөндеу барысында, бір қазандық толықтай ауыс-тырылып, екіншісі орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, екі бес қабатты және екі үш қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін №7 қазандық жөнделді. Бес жұмыс орны құрылды. Бородулиха ауылындағы 6 тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік мекеме "Коммуналдық шаруашылық" КММ-на қарасты 6 автономды қазандықтар арқылы жылытылады. Сонымен қатар, осы жылы Жезкент кентінің №41 тұрғын үйін жылытатын "Востокэнерго" ЖШС өндірістік қазандығы жөнделді, - дейді әкімдік.