Новости по-русски

ШҚО-да 404 мобильді жедел жәрдем бригадасы бар

ШҚО-да  404 мобильді жедел жәрдем бригадасы бар

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 404 мобильді жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді

Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, медицина қызметкерлері үйді-үйге барып, тексеру жүргізеді және ПТР тестілеу жүргізу үшін биологиялық материал алып, дәрілік препараттардың берілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ пациент толық сауығып кеткенге дейін оның жай-күйін бақылауда ұстайды.

- Сонымен қатар, ауыр халдегі науқастарға жедел көмек көрсету үшін құрамында анестезиолог-реаниматолог, инфекционист және пульмонолог мамандары бар көшпелі бригадалар жұмыс істейді, - деп жазылған облыс әкімдігінің ақпаратында.

Читайте на 123ru.net