Новости по-русски

Прапорщиковаға көше шамдары орнатылды

Аталған ауыл тұрғындары жарық мәселесін бұған дейін бірнеше рет айтқан болатын.

- Бейбітшілік көшесінде бұрын соңды шам болмаған. Сол себепті әкімдік тұрғындардың өтінішін ескере отырып, көшені жарықтандыруыға қаражат бөлді, - деп жазды аудан әкімі.

Мердігер ұйым «Қазэнергоком» ЖШС ауыл көшесіне 21 жарықдиодты шам орнатты. Жұмыс сапалы жүргізілді және межелі мерзімде аяқталды.

- Жарық шамдар орнатылғанына өте қуаныштымыз. Осыған дейін қас қарайғанда, үйден шыға алмай отырушы едік. Ал қазір күнде кешке серуендейтін болдық. Енді алаңдамайтын болдық, - деді ауыл тұрғындары.

Читайте на 123ru.net