Новости по-русски

Көкпекті ауданында қарттарға қызмет көрсететін орталық іске қосылды

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, қарттарға қызмет көрсететін орталық ауданға қарасты барлық ауылдарда іске қосылған. 
- Аудан бойынша барлық ауылдық округтерде CALL-орталық іске қосылды. Енді ата-әжелеріміздің ешқайсы, үйден шықпай-ақ, ұялы байланыс нөмірі арқылы көмек шақыра алады, - деді аудан әкімі Серікқазы Садуақасов.
Әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасына желі қолданушылары ауылдағы қарт адамдардың аты-жөнін тізімдеп қалдырып жатыр. Олар ұялы байланыс қолдана алмайтын адамдарды да назардан тыс қалдырмауды өтінеді.
- "Тағамның асылы - қара нан, адамның асылы - кәрі анаң" демекші, қысылтаяң уақытта қарттарға көңіл бөлінгені өте дұрыс болды. Ауылдарда елеусіз көлеңкеде қалып қоятын қарттарымыз баршылық. Мың жерден туысы болса да, қарттың аты - қарт. мұқтаж дүниелері көп болады, - деп жазды Асыл Қайырбекова.

Читайте на 123ru.net